Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмедегі қылмыскер тағы да жазаға тартылды

Видеорегистратор, регистратор, түрме, колония, түрме қызметкері, сотталушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2022 12:08 Сурет: Zakon.kz
Регистраторға жазылған жазбаның көмегімен сотталған адамның елордадағы колония қызметкерін қорлағаны анықталып, ол қайта жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, сот үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған ҚР ҚК 378-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, үкім бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Осы жылдың басында сотталған Н есімді адамға колония қызметкері жаза өтеу барсында тәртібіне қатысты ескерту жасаған. Қызметкердің ескертуін құлаққа ілмеген сотталған оны балағаттаған. Осылайша, қызметтік міндеттерін орындау барысында билік өкілін басқа сотталғандардың көзінше әдейі ашық түрде қорлаған. Сотталғанның бұл әрекеті колония қызметкерінің кеудесіне ілінген бейнетіркегіште жазылып қалған.

Регистратор көмегімен алғаш рет сот үкімімен жазасын өтеп жатқан сотталған жауапқа тартылды. Онда жазылған оқиғалар туралы құнды ақпараттар айқын дәлелдер және біздің қызметкерлерімізді қорғайды, сондай-ақ олардың кәсіпқойлығының дәлелі ретінде пайдаланылуда.Елордалық департаменттің баспасөз хатшысы Ақтоты Бекенова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: