Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік нөпіріне қатысты Бақыт Сұлтанов түсінік берді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептеліп, қозғалыссыз тұруына бірнеше апта бойындағы ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Ресей шекарасында жүк көліктері нөпіріне бір жақтың, не басқа жақтың өткізуге рұқсат бермеуінің салдары» деген қауесетті жоққа шығарды.
Маштаково/Сырым шекара бекеттерінде ұзын-сонар жүк көліктері қозғалыссыз Қазақстанға кіруді күтіп тұр. Ал Ресей де, Қазақстан да тауарды өткізбей жатыр деген ақпарат бұған дейін де болған. Дегенмен көліктер нөпіріне кейінгі бірнеше апта бойындағы ауа райының қолайсыздығы себеп болды.Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов
Министрдің айтуынша, бұл аумақта 10 күнге жуық қарлы боран соғып, көктайғақ салдарынан жолдар жабылған. Сонымен қатар бір нүктеде электр жарығы өшірілді. Бірақ қазір жолдар ашық, тазартылды, көліктердің бекеттен өтуі, әдеттегідей жүріп жатыр.
Сонымен қатар Сұлтанов трансшекаралық сауда жағдайын жеке бақылайтынын және ресейлік әріптестерімен үнемі байланыста екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript