Құтқарушылар апатқа ұшыраған Boeing жолаушыларының денесін әлі таба алмай жатыр

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2022 13:20 Сурет: pixabay
Ұшақ құлаған жерден жолаушылардың жеке куәліктері, әмияндары мен басқа да заттары табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың Орталық теледидарының хабарлауынша, құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде құлаған Boeing 737 жолаушылары мен экипаж мүшелерін не тірідей, не өлідей әлі таппаған.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында құлаған ұшақтың сынықтары шашылып жатыр.

Сонымен қатар іздеу операциясы әлі жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмысына таулы жер үлкен қиындықтар туғызуда.

Ұшақ құлаған жерден жолаушылардың жеке куәліктері, әмияндары мен басқа да заттары табылды, деп жазады Global Times.

Ұшақ ҚХР-дың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Сучжоу қалалық округіне қарасты Тен уезінде апатқа ұшырады. Қытайлық БАҚ-та жарияланған мәліметтер бойынша, ҚХР-дың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 132 адам болған, оның 123-і - жолаушылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: