Нұр-Сұлтанда қолайсыз ауа райына байланысты 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Сурет: Zakon.kz
23 наурыз күні таңертең ұйытқыған боран салдарынан 35 жол апаты тіркелді. Жүргізушілерден жолдарда абай болу және ұзақ сапарға шығудан аулақ болу сұралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғаларының бірінде бір адам зардап шекті.
Полиция жүргізушілерден және жаяу жүргіншілерден қолайсыз ауа райына байланысты сақ болуды сұрайды.
Белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау, тежегішті шалт баспау, арақашықтық пен бүйіраралық қашықтықты сақтау, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау қажет.
Бұдан басқа, полиция боран кезінде елорда сыртына сапарлаудан аулақ болуды сұрайды.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript