Апандай шұңқыр: Ақтауда асфальт опырылып ортасына түскен

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2022 14:21 Сурет: видеодан алынды
Ақтауда нөсер жаңбырдан кейін асфальт опырылып ортасына түсіп, апандай шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асфальттың опырылып түскенін lada.kz-ға жергілікті тұрғындар хабарлаған. Куәгерлер 26 наурызда Ақтаудың 21-ші ықшам ауданындағы "Строитель" гараж-құрылыс кооперативінің дөңгелек жөндейтін орыны алдында опырылып ортасына түскен асфальт орнында апандай шұңқырды видеоға түсіріп алған.

Аталған оқиғаға қатысты "Каспий жылу, су арнасы" директорының орынбасары Ислам Үсенов түсініктеме берді.

Бұл мекен-жайда кәріз коллекторы жырылып, салдарынан асфальт ортасына түсті. Қазіргі уақытта төтенше жағдай периметрі бойынша қоршаулар орнатылған. Жұмыс қолға алынды. Ислам Үсенов

Ол опырылу кезінде ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: