Жаңалықтар тізбегі
0

КҚК теңіз терминалындағы жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатындығы айтылды

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 23:57 Сурет: Facebook/Каспий құбыр консорциумы
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалының акваториясындағы метеожағдайлар №1 ЖАҚ (жылжымалы айлақ құрылғысы) жабдықтар кешенін тексеруге ыңғайлы болды. Инспекция қорытындысы бойынша айлақтық құрылғы жарамды және мұнай тиеуге болады деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі қазіргі уақытта №1 ЖАҚ арқылы тиеу штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.Ал №2 ЖАҚ пен №3 ЖАҚ қолданыстан шығарылғалы күйі тұр.

КҚК-дағы теңіз терминалына жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ одан ары қарайғы қызмет көрсету мерзімдеріне қатысты мыналар нақтыланды:

  • №2 және №3 ЖАҚ-тағы жөндеу жұмыстары шамамен 3-4 аптаға созылады;

  • аса маңызды жабдықтың жедел апаттық қоры жедел қалыптастырылады. Алайда, тұрақты жұмыс қабілеті үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізу мәселесі дүдамал жағдайда болып тұр. Айта кету керек, негізгі шетелдік жеткізушілер – Imodco, Blue Water және Gall Thomson Environmental Ltd. қазірдің өзінде "КҚК-Р" АҚ-пен одан арғы әріптестіктен бас тартатыны туралы мәлімдеп отыр әрі КҚК тарапынан 2021 жылы желтоқсанда аванстық төлем жасап тастағанына қарамастан, бұрын жоспарланған барлық тасымалдар толық көлемде тыйылды;

  • Директорлар кеңесі орын алған бұл төтенше жағдайды талқылап, оны оқшаулау бойынша бірінші кезектегі шараларды анықтады.

2022 жылы 22 наурызда Қара теңіз акваториясына мұнайдың төгілу қаупін болдырмас үшін КҚК теңіз терминалында мұнай тиейтін барлық үш айлақтық құрылғылар жұмысын тоқтатты. Мұндай шешім дауыл салдарынан №3 ЖПҚ пен №2 ЖАҚ жабдықтарының зақымдануы анықталғаннан кейін қабылданды. .

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: