Контрабандалық жолмен 22 тонна темекі әкелген шетелдік азамат ұсталды

Қазақстан, Алматы облысы, контрабанда, темекі тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 16:58 Сурет: скриншот
Алматы облысында жалған құжаттарды пайдаланып, Қазақстан Республикасының аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған құжаттарды пайдалана отырып, «жалған транзит» схемасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелуді жүзеге асырған шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомство атап өткендей, ол Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

Сот шешімімен пайдаланылған жүк көлігі мен заңсыз әкелінген темекі мемлекет кірісіне айналдырылды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: