Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның бірнеше шекара аймағында контрабандалық тауар тасымалдағандар ұсталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 21:00 Хабар 24
Ресейге ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, жалпы салмағы 20 тонна, құны 9 000 000 теңгенің көлеміндегі автомобилдердің қосалқы бөлшектерін алып шықпақ болған 1970 жылғы Қазақстан азаматы қолға түсті.

Қазақстандық шекарашылар шетелге заңсыз тауар өткізбек болған бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Орал шекара отрядының "Шаған-авто" бөлімшесінде шекара наряды Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 4 миллион 750 мың теңгенің бензинін шекара асырмақ болған Ресей азаматын ұстаған.

Ұсталған азамат жалпы көлемі 21 472 литр болатын "АИ-92" маркалы бензинін Мемлекеттік шекарадан "НЕФРАС-С30/230" жууға арналған зат ретінде алып шықпақшы болған екен.

Бұдан бөлек, аталған отрядтың "Сырым-авто" бөлімшесінде 1974 жылғы Қазақстан азаматы елімізден шығаруға тыйым салынған заттар тізіміндегі, жалпы салмағы 20 тонна, бұрын пайдаланылған темір құбырлырды Ресейге алып шықпақшы болыпты. Бағасы - 590 000 теңге деп есептелінген заңсыз жүк Бәйтерек аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

Осы отрядқа қарасты "Ақсай" шекара заставасының шекара наряды Батыс Қазақстан облысы бойынша орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының маманымен бірге, катермен Жайық өзенінің жағалауын шолып жүріп 400 метр көлеміндегі ау табылған. Нәтижесінде ауға шырматылып қалған қымбат бағалы балықтар құтқарылды.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң-авто" бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, жалпы салмағы 20 тонна, құны 9 000 000 теңгенің көлеміндегі автомобилдердің қосалқы бөлшектерін алып шықпақ болған 1970 жылғы Қазақстан азаматын құрықтаған

Сонымен қатар, салмағы 20 тонна, жалпы құны 12 000 000 теңге тұратын әртүрлі қосалқы бөлшектерді шекарадан алып өтпек болған 1982 жылғы Қазақстан азаматы қолға түсіпті.

Сондай-ақ, 7300 жұп, құны 5 000 000 тенге тұратын аяқ киімдерді алып шықпақ болған 1974 жылғы Қазақстан азаматын ұсталған.

Оның жүктері актіленіп, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

Қордайлық шекарашылар "Қордай-авто" бөлімшесінде 49 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол өзімен бірге елімізге заңсыз жолмен әртүрлі маркалы 1600 қорап темекі өнімдерін, әртүрлі 213 шөлмек (90,52 литр) алкоголь өнімдерін алып кірмек болыпты.

Заңсыз тауар Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: