Алматыда Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін тарту жұмыстары себеп.
"Кабельді ашық әдіспен төсеу жұмыстары сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен көркейту элементтерін қалпына келтіреді. Жүргізушілерден жол жүру бағытын жоспарлау кезінде алдағы уақытша шектеуді ескеру сұралады", делінген AlmatyJol хабарламасында.
Бұған дейін еліміздің екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты төрт жол учаскесі жабылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript