Балқашта жүк пойызы әйелді қағып кетті

Балқаш, жүк пойызы, апат, қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 17:43 Сурет: unsplash
Балқашта егде тартқан әйелді жүк пойызы қағып кетті. Әйел жан тәсілім етті. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Осы жағдай бойынша Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, – деді баспасөз қызметі.

Ведомство басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: