Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта кінәсін мойындамады

Алматы, сот орындаушысы, Ақбұлақ ауданы, атыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 13:29 Сурет: Zakon.kz
2021 жылғы 20 қыркүйек күні Алматының Ақбұлақ шағын ауданында кісі қолынан қайтыс болған бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Сотталушы болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Игорь Дужнов жауап алу кезінде 2021жылғы 20 қыркүйектегі оқиғаның мән-жайын айтты. Айыпталушының айтуынша, сот орындаушы оларды заңсыз көшірмек болған.

Отбасымды көшеге қаңғыртып жіберетінін түсіндім. Заңсыз көшіруді тоқтатудың бірден-бір жолы үйімнің аумағына басып кірген қарсыласты талқандауға бағытталған белсенді қарсылықты қолдану болды. Гаражда қаруым болатын. Мен гаражға кіріп, үлкен оқжатарға он оқ салып, ыңғайлы жерге бардым да, басқыншыларға: «Қабырғаға!» деп бұйрық бердім. Қатысы жоқ адамдарға шетке кетіп қалуға мүмкіндік бердім. Игорь Дужнов

Сотталушы өзін кінәлі деп санамайды, өйткені ол отбасын заңсыз көшіруге жол бермеуде басқа амал болмады деп отыр.

Еске салсақ, 2021 жылғы 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов үйіне барған сот орындаушы мен бірнеше адамға оқ жаудырды. Бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Кейін бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны, ал екіншісі оның танысы болғаны анықталды.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды.

Ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: