Алматы облысында өзенге батқан көліктің төбесіндегі жүргізуші құтқарылды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2022 13:47 Сурет: Instagram/almatyobl_tjd
Талдықорған қаласындағы Қаратал өзені ортасында қалып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуір түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласында 1989 жылғы ер адам Mitsubishi Pajero маркалы көлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келгені, бірақ діттеген жеріне жете алмай, өзен ортасында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда көліктің Қаратал өзенінің ортасында 1,5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғанын, ондағы адам көліктің төбесіне шығып алғанын анықтады.Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар құтқару арқанының және құтқару кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж болмай шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: