Жоғалған балықшы Балқаш жағасынан өлі табылды
Сурет: primeminister.kz
Балқаш жағалауынан ер адамның мәйіті табылды. Марқұм 2021 жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен балықшы болып шықты. Ол балық аулауға шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күні кеше полиция бөліміне көл жағасында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оны өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.
Марқұм – өткен жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен Болат Дюсембаев.Қарағанды облысының Полиция департаменті
Полиция мәйітте зорлық-зомбылық пен өлім себебі көрінетін белгі жоқ екенін айтты.
Сірә, жылудың әсерінен дене жағаға шығып кеткен.Қарағанды облысының Полиция департаменті
Ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені туралы бұрын полицияға хабарлаған. Олар ер адамның балық аулауға кеткенін және қайтып оралмағанын айтқан.
Жоғалғаны туралы хабарлама түскен соң, жедел-іздестіру шаралары басталды. Оның жеке заттары көл жағасынан табылды. Алайда көктайғақ салдарынан құтқарушылар сол кезде көлдің өзін зерттей алмаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript