Орынбор облысындағы бөгеттің бұзылуына байланысты БҚО ауылдарына қауіп төнді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
БҚО-мен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаев ауылында су қоймасындағы бөгет бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 16.40-та болғаны жөнінде Орынбор облысы бойынша ТЖМ бас басқармасының дағдарыс жағдайында басқару орталығы жария етті, деп хабарлайды Қазақпарат .
Қоймадағы су көлемі шамамен 8 млн текше метрді құрайды. Шайылған бөгеттің ені – 7-8 метр. Су Елтышевка, одан Жайық өзеніне құйылады. Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының жанымен ағады. Чинарев ауылында 1 мектеп, 1 медпункт, 1 шекара заставасы, 82 үй бар, мал басын есептемегенде, 223 адам тұрады. Елді мекенге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ. БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Тасқын судың алдын алу бағытында Чинаревқа арнайы техникалар мен құтқарушылар, жауапты адамдар жіберілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript