БҚО-ның екі ауылын қызыл су алды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2022 13:21 Сурет: ҚР ТЖМ
Жақсыбай ауылында 62 үйді, ал Таловка ауылында екі үйді су басты. Тұрғындар эвакуациялық пунктке орналастырылды, ал тағы бір бөлігі туыстарын паналауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 сәуірде сағат 3: 00-де Жәнібек ауданында күн күркіреп, жаңбыр жауып, қар еріді. Салдарынан Жақсыбай мен Таловка ауылдарын су басты, деп хабарлайды "Мой город".

Жақсыбай ауылында 62 үй су астында қалды. Әкімдік пен шекара қызметінің қызметкерлері балабақшада орналасқан эвакуациялық пунктке 637 адамды жеткізді. Онда 305 адам орналастырылды, олардың 89-ы балалар. Қалғандары туыстарын жағалап кетті.

Талов ауылында екі үй су астында қалды, сегіз адам эвакуацияланды. Кезекшілік ұйымдастырылды.

БҚО-ға Маңғыстау облысынан құтқарушылар көмекке келді, олар Тасқала мен Сырым аудандарына жіберілді. Су басқан бес ауданда барлығы 267 адам жұмыс істеп жатыр.

Өңірде су тасқыны қаупі бар екені хабарланды. БҚО-ның үш ауданында ТЖ режимі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: