БҚО-да 170 үйді қызыл су басты

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2022 14:39 Сурет: ҚР ТЖМ
637 адам эвакуацияланды. Олардың бір бөлігі эвакуациялық пунктке орналастырылды, ал қалғандары туыстарын паналап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылған ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысында Жәнібек ауданының екі елдімекеніндегі 170 үйді су басты.

Құтқарушылар барлығы 637 адамды эвакуациялады. Олардың бір бөлігі эвакуациялық пунктке орналастырылды.

Облыстық ТЖД мен әкімдік қызметкерлері аулаларды аралап, кезекшілік ұйымдастырды. Сондай-ақ, өңірге Атырау облысынан 46 құтқарушы көмекке келіп жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: