Алматы облысында төрт жасар қыз зорланды
Сурет: pixabay
Қайғылы оқиға 13 cәуір күні Алматы облысы Есік қаласында болған. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша істі бүлдіршіннің анасының бауырлары жасаған, деп жазды ktk.kz.
Алматы облысының полиция департаменті зорлау дерегін растады.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысының 43 жастағы тумасы ұсталып, қазір қамауда отыр. Болжам бойынша, күдікті ер адам соңғы бірнеше күн бойы жәбірленушінің отбасында қонып, мас күйде болған.Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бала қазір дәрігерлер бақылауында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript