Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік желіде тараған «Za Россию!» афишасы – фейк

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2022 15:52 Сурет: pixabay
"Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жарнамасы жарияланған "Za Россию!" баннер-афишасы жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін еске саламыз", делінген "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және «Однажды в России» сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған.

Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның сегіз қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті.

«Однажды в России» - 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері бар және таза ойын-сауық болып табылатын коммерциялық жоба. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала береді, мұны "Алматы әуендері" ресми сайтында жарияланған ақпарат толық дәлелдейді.

Айта кетсек, әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық және діни араздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпаратты (жалған ақпарат) тарату Қазақстан Республикасының заңымен қудаланады. Арандатушылыққа бой алдырмай тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз, делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: