Семейде саяжайлардағы өрт сөндірілді

Семей, саяжай, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 09:51 Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd
Мирный саяжайының аумағында құрғақ шөптен өрт шықты. Ашық жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өрт сегіз саяжай ғимаратын шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар келісілген іс-қимылдың арқасында жалпы аумағы 1000 шаршы метр болатын өртті ауыздықтады. Барлығы 40 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd

Ешқашан шөптің өртенуіне жол бермеңіз. Абай болыңыз. Өртке салғырт қарау әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктейтін есте сақтаңыз. Өрт болған жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: