Алматыда құрылыс алаңында бірнеше адам металл жабындысының астында қалды
Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиғадан адам шығыны болған жоқ. Алайда темір жабындының астында қалған төрт адам орталық клиникалық емханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
qazaqstan.tv сайтының жазуынша, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін құрылысшылар үйіне қайтарылды, барлығының жағдайы жақсы, жеңіл-желпі дене жарақаттарын алған.
Қалалық полицияның мәліметінше, қауіпсіздік техникасын бұзу дерегі бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен құрылысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Құрылыс нысанына жауапты құрылыс компаниясы барлық қызметкерлерге жұмыс алдында техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық көрсетілгенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript