Грузиядан арзан көлік әкелуге уәде беріп, ақша жинап алған алаяқ ұсталды

Грузия, көлік, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 16:18 Сурет: Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматыда ер адам таныстарына Грузиядан көліктерді нарық бағасынан төмен бағамен әкелетінін айтып, алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіccөз кезінде ер адам сатып алушыларды алдын ала төлемді тезірек аударуға асықтырған. Ақшаны алған соң ол байланысқа шықпай қойыпты.

Әзірге күдіктінің үстінен үш арыз түсті.

У есімді ер адамға қатысты Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бұдан да көп адамды алдаған болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз.Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

Осы тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды +7 (727) 298-53-02, 298-53-05 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: