Жаңалықтар тізбегі
0

12 миллион теңгенің ұрлығы: мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл ауылы, ұрлық, мемлекетаралық іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 18:10 Сурет: unsplash
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылында белгісіз біреулер ақша мен бағалы заттар салынған сейфті және автокөлікті ұрлаған-ды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды – бір жылдан кейін олардың бірі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында хабарланғандай, өткен жылы Бейімбет Майлин ауданының полиция бөліміне пәтерінен бағалы заттары мен гаражынан көлігі ұрланған әйел хабарласқан.

Қылмыс Тобыл ауылында жасалған. Жәбірленуші елордаға кеткен, ал пәтерді туыстары қарап қалған. Үй иесінің жоқтығын пайдаланып, белгісіз біреу пәтерге терезе арқылы кіріп, темір сейфті ұрлап кеткен. Сонымен қатар олар 800 мың теңге көлеміндегі ақшаны, зергерлік бұйымдар мен қаракүзен терісінен тігілген тонды қолды еткен. Гараждан құны 8 миллион теңге тұратын Hyundai SantaFe көлігі ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асты. Бейімбет Майлин ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Талғат Байзақов

Полицейлер ұрланған көліктің жүру бағытын анықтап, облыс орталығынан тапты. Көлік бірден иесіне қайтарылды.

Күдіктілер 30 және 33 жастағы ер адамдар. Біреуі Тобыл ауылының адамы, екіншісі Қостанайдан келген. Олардың қылмыс жасағаннан кейін Ресейде жасырынып жүргені анықталды. Бір жылдан кейін олардың бірі ұсталды, екіншісі әлі іздеуде. Талғат Байзақов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: