Жаңалықтар тізбегі
0

Дауылды ескертуді елемей Көкжайлау шатқалына шыққан алматылық жігіт құтқарылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 11:01 Сурет: Zakon.kz
Көкжайлауға саяхаттап шыққан ер адам ол арада шатыр орнатып, түнемек болған. Бірақ жабайы аңдардың бақырған-шақырған дауысын естіп, түн ұйқысы төрт бөлінген ол жоғары қарай жылжи беруді жөн көреді, бірақ аяғын жарақаттап, орта жолда қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шеккен қала тұрғынын Көкжайлау шатқалынан тапты.

Құтқарушылар тобы әбден тонып қалған 24 жастағы ер адамды сағат 00:19-да 2 850 метр биіктіктен тапты. Турист аяғын жарақаттап алған, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қалаға эвакуациялады.

Туристтің айтуынша, ол бірнеше күнін тауда өткізгісі келіп, маршрутын алдын-ала жоспарлап шығыпты.

Көкжайлау шатқалына ол күндіз көтеріліп, түнді биіктікте өткізуді, ал келесі күні белгіленген маршрут бойынша тағы да жоғарыға шығуды жалғастырып отыруды көздеген. Тоқтаған жерінде шатыр орнатқан, бірақ онда түней алмаған. Жабайы аңдардың бақырған-шақырған дауысын естіп, түн ұйқысы төрт бөлінген ол жоғары қарай жылжи беруді жөн көреді, бірақ аяғын жарақаттап, орта жолда қалған

Алматының құтқару қызметі алдағы күндерге қатысты жарияланған дауылды ескертуді еске салады. Тауларда қар жауып, бұршақ түседі, сондай-ақ қатты жел тұрады деп күтіледі. Орын алуы ықтимал төтенше жағдайды болдырмас үшін құтқарушылар алматылықтарға тауға саяхатқа шықпай тұра тұруға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: