Семейде көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
29 маусым күні Семей қаласында 1994 жылы туылған ер адам аспалы көпірден секірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 29 маусым күні сағат 13: 58-де "112" пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адам автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар келгенде мас жігіт көпірдің аспалы құрылымдарында тұрған.
"Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті".Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Төтеншеліктер құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шекпегенін хабарлады.
Психологпен сөйлескеннен кейін ол полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript