Жапония круиздік кеменің апатқа ұшырап, 10 туристің көз жұмғанын растады
Жапондық дәрігерлер сенбі күні көмек сұрап, дабыл белгісін берген "KAZU 1" круиздік кемесінің 10 жолаушысы қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Kyodo.
Оқыс оқиға кеме порттан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырымдағы Сиретоко түбегінің түбіндегі танымал көркем жер - Кашуни сарқырамасының маңында орын алды.
Кеме бортында 24 жолаушы, оның ішінде екі бала, сондай-ақ капитан мен матрос болды. Апат туралы хабарлама 23 сәуірде таңертең келіп түсті.
Жергілікті балық аулау кооперативінің мәліметінше, соңғы күндері бұл аймақтағы судың температурасы - 2°C-дан 4°C-ға дейінгі аралықта.
Премьер-министр Фумио Кисида елдің оңтүстік-батысындағы жұмыс сапарын кілт тоқтатып, іс-әрекеттерді үйлестіру үшін Токиоға шұғыл оралды.
Оқи отырыңыз: Жапонияда теңіздегі круиздік кеме құтқаруды сұрап, белгі жолдап жатыр