Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кеменің ішінде Қазақстан азаматтары да болған

Ақтауға маңында құлаған ұшақтың бортында қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігінің дерегіне сүйенсек, бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Ұшақта жалпы саны 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Сондай-ақ, жолаушылардың тізімі жарияланды. Дәл қазіргі сәтте аман қалған 25 адамның 22-сі ауруханаға жеткізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript