Тирасполде мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің ғимараты атқыланды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 23:17 Сурет: ПМР ІІМ баспасөз қызметі
Приднестровьенің Тирасполь қаласында мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі ғимаратының маңынан бірқатар жарылыстар орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, хабарлауынша, ғимараттың терезелерінің әйнектері сынған. Ғимараттың ту сыртында гранатометтің бірнеше бөлшегі жатыр.

Кейіннен Приднестровье ішкі істер министрлігі РГД-дан (Танкке қарсы гранатомет) оқ атылғанын растады.

Республиканың арнайы қызметі ведомствоға шабуылдаушылардың артында кім тұрғаны туралы, әзірге ақпарат жоқ. Жарылыс салдарынан жоғарғы қабаттардың терезелері сынған, ғимараттың қасбеті бүлінді, бірақ бөлім қызметкерлері немесе бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен саперлер жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. Іргелес аумақ полиция қызметкерлерімен қоршалып, бейнебақылау камераларының деректері зерделенуде.

Сурет: ПМР ІІМ баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: