Мәжілісте Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобалары талқыланды
Заң жобасына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланған.
Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты – радиациялық ластанған және таза жерлерді бөлу, ластанған учаскелерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақты оңалту және полигон жерлерін пайдалану мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту.ҚР Энергетика министрлігі
Министрлік кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде мамандандырылған аймақ құру жоспарланғанын да атап өтті.
«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасында:
бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» арнайы аймағын құру;
радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;
олигон аумағында тарихи пайда болған радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;
Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.
Қарау қорытындысы бойынша заң жобасы мақұлданып, әрі қарай қарау үшін парламент мәжілісінің жұмыс тобына жолданды.