Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбекмин «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын әзірледі

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, кәсіптік білім, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 11:29 Сурет: pixabay
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, заң жобалары Ұлттық біліктілік жүйесінде белгілі бір кәсіп түрін немесе еңбек қызметінің түрін жүзеге асыруға үміткер жеке тұлғаның кәсіптік біліктілігін тану тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Негізгі заң жобасында кәсіптік біліктіліктерді танудың екі тәсілі көзделген:

Міндетті негізде – ҚР салалық заңнамалық актілерінде белгіленген қолданыстағы тәртіп негізінде жүргізіледі;

Ерікті негізде – өз бетінше және жұмыс берушінің жолдамасы бойынша өтініш жасаған, белгілі бір қызмет түрін, еңбек қызметін жүзеге асыруға үміткер кандидатты сертификаттау жолымен жүргізіледі.

Сондай-ақ заң жобасында кандидаттардың кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өту құқықтары, кәсіптік біліктіліктерді ерікті негізде тану шарттары мен тәртібі айқындалады.

Бұдан басқа, кәсіптік біліктіліктерді тану жүйесіне ерікті негізде кіру үшін мынадай ынталандыру шаралары көзделген:

  • жұмыс берушілер жіберетін кандидаттарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен кепілдіктер мен жеңілдіктер беру;

  • жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде кәсіптік біліктіліктерді тануды есепке алу;

  • халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген жұмыссыз тұлғаларға бір реттік ваучер беру. Осы ваучердің негізінде жұмыссыз адам республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіптік біліктілігін мойындаудан өтеді;

  • мемлекеттік басқарудың жекелеген салаларында (аясында) кәсіптер бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану орталықтарын құру кезінде жекелеген шығыстарды субсидиялау.

Министрлік «заң жобаларын қабылдау қызметкерлерге, жұмыссыздарға және ізденушілерге тез әрі сапалы жұмысқа орналасуға және жоғары табыс табуға мүмкіндік береді», – дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: