Қарағанды ​​облысында алкогольдік өнімдерді заңсыз шығарып келген цех анықталды

Қарағанды облысы, суррогат алкогольдік өнімдер, астыртын цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 11:48 Сурет: видеодан скриншот
Қарағанды ​​облысының Саран қаласында орналасқан қоймада суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік таратқан мәлімет бойынша, ішімдіктер Қарағанды ​​облысының базарлары мен дүкендері арқылы сатылымға шығарылып келген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, өндірілген және өткізілген өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: