Рудный студенттерінің улануы: үш қызметкерден стафилококк анықталды
Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Рудныйдағы колледж студенттерінің жаппай улану себебін атады. Тексеру нәтижесінде колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді стафилококк анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша асхананың үш қызметкерінен патогенді стафилококктың тасымалдануы анықталды. Дайын өнімнің барлық үлгісі микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттерден алынған талдауларда патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияның ықтимал көзі қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері болуы мүмкін.Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі
Сонымен бірге тексеру барысында санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, сақтау шарттары мен пісіру технологиясын бұзу.
Мамандар оқиға орнында рофилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, – деп түсіндірді ведомство.
21 сәуірде Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері жергілікті асханада уланғаны белгілі болды. 14 адам инфекциялық бөлімшеге жатқызылды.
Бүгінде барлық студент ауруханадан шығарылып, дәрігерлердің бақылауына алынды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript