Шымкент ПД баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау фактісі тексеріліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Шымкент қаласы полиция департаменті, суицид, баспасөз хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 14:22 Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол жұмсау фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

 

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Агенттік ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: