Ресейде хоккейші Николай Шаровты атып кетті

Ресей, өлім, атыс, төбелес, хоккейші, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 17:16 Сурет: ВКонтакте/Николай Шаров
Челябі облысында «Колос» хоккей клубының ойыншысы Николай Шаровты атып кетті. Жантүршігерлік оқиға 2 мамырда Бреды ауылындағы «Crossroads» барында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

REN TV арнасының хабарлауынша, барда жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Салдарынан төбелес шығарғандардың бірі үйіне барып, аңшы мылтығын әкеліп, одан хоккейшіге оқ атқан. Спортшы сол жерде көз жұмды.

Күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындады. Қылмыскердің айтуынша, хоккейші өзін өте әдепсіз ұстаған, тіпті бұл қылығы үшін кешірім де сұрамаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: