Қырымда ит талаған қыз қайтыс болды
Сурет: pixabay
10 мамыр күні Қырымда атасының үйіне қонаққа келген он жастағы қызды ит талады. Алған жарақаттарынан қыз ота үстінде жан тәсілім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам өз үйінің ауласына ротвейлер тұқымды иттерін босатып жіберген. Сол сәтте атасына қыдырып келген қызға иттер шабуыл жасап, аяқ-қолы мен басын қауып алған, деп жазды Almaty.tv.
Қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, жарақаты ауыр болғандықтан, ота жасау кезінде қайтыс болды.
Қазір Советский ауылының тұрғынына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабы (Абайсызда өлімге әкеп соқтыру) бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript