Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер Алматы облысында қаңғырған ит талаған баланың жағдайын айтты

Алматы облысы, ит, қаңғырған ит, талау, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 11:49 Сурет: unsplash
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова бұралқы ит талаған тоғыз жасар баланың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округінде қаңғырған ит тоғыз жасар балаға шабуыл жасағаны хабарланды. Бала Алматыдағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүгінді.

Бала хирургия бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдап жатыр... Жалпы, баланың жағдайы орташа ауырлықта, бірақ динамикада жағдайы тұрақталған. Бастың оң жақ бөлігі көгерген, жарақаттанған, – деді Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Ол сондай-ақ балаға құтыруға қарсы иммуноглобулиндік вакцина салынғанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: