Алматыда қолайсыз ауа райы салдарынан 19 ағаш құлады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда 11 мамырда жауған нөсер жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа райының қолайсыздығы, атап айтқанда қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан топырақ шайылып, апатты жағдайдағы және сау ағаштардың да түп тамыры босап, кейбірі құлады, делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы қалалық құтқару қызметі ағаштың құлауынан бір көлік пен бір үйдің зардап шеккенін жеткізді.
Қолайсыз ауа райы салдарын жоюға аудан әкімдіктеріне қарасты мердігерлік ұйымдардың күші тартылып, Алматы қаласының құтқару қызметі де қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12 адам мен алты техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript