Ақтауда өрт сөндірушілер контейнерлер арасына қысылып қалған марғауды құтқарды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2022 17:15 Сурет: lada.kz
Ақтауда өрт сөндірушілер контейнерлер арасына қысылып қалған мысықтың баласын құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 21 ықшам аудандағы "Әлем" көлік базарында орын алды, деп хабарлайды Lada.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марғау 20 тонналық екі контейнердің арасына қысылып қалған. Бұл туралы ақпарат құтқарушыларға 14 мамырда сағат 10:48-де келіп түсті. Төтенше жағдай қызметкерлері бұған бей-жай қарай алмаған адамдардың сұраған көмегіне үн қатып, оқиға орнына аттанды.

Қос контейнердің арасына гидравликалық тартқышты орнатып, құтқарушылар мысық баласын аман-есен алып шықты.

Сурет: lada.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: