Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да ауруханалардың бірінде кішкентай қыздың үстіне теледидар құлап кетті

Жазатайым оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 19:38 Сурет: Zakon.kz
2020 жылғы бала теледидар тұрған аласа шкафқа шықпақшы болған. Бұл уақытта оның әкесі жанында диванда отырыпты. Теледидар құлап, баланы басып қалғанда әкесі бірінші болып жетіп, оны бірден қабылдау бөлмесіне қарай ала жүгірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, жазатайым оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылының ауруханасында орын алған.

Әкесі диванда отырған. Жазатайым оқиға орын алғанда ол баланы көтеріп алып, қабылдау бөлмесіне қарай ала жүгірді. Баланы педиатр мен хирург қарап, ауырсынуды басатын дәрі салды, содан кейін санитарлық ұшаққа шақырту жіберілді. Баланың жағдайы нашарлай бастады, Оралдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының балалар реаниматологы өздеріне жіберуді ұсынды, - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен қызды педиатр мен медбикенің алып жүруімен реанимобильге жатқызылғаны айтылады. Қазір қыз жан сақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Қойылған диагноз: мидың жабық жарақаты, мидың контузиясы, субарахноидты қан кету.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: