Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамаудағы мерзімі ұзартылды
Сурет: akorda.kz
Алматы сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Мұрат Бектановтың қамаудағы мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімін 20 маусымға дейін ұзартты. Алматы сотының баспасөз қызметі
19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік фактісі бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 20 ақпанда экс-министр ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кейін ол екі айға қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript