Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзарды

Мейіржан Төребаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 12:45 Сурет: Instagram/meirzhach_tv
Вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 17 қыркүйекте сот шешімімен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 17 қазанға дейін бір айға ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

10 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексiнің 217-бабымен ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару") қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

11 сәуірде Астанада ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында қаржы пирамидасының қатысушысы өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиғаға қатысты түсініктеме берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жәбірленушінің тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

18 тамызда Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке – 18 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: