Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 18 қарашаға дейін ұзартылды

Вайнер, қаржылық пирамида, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 14:57 Сурет: Instagram/meirzhach_tv
Вайнер Мейіржан Төребаевтың қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан хабарлады.

2022 жылғы 18 қазанда қазақстандық вайнерді қамауға алу мерзімін ұзарту туралы сот шешімі шықты.

Тергеу органдарының күдікті Мейіржан Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, - делінген сот жіберген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: