Вайнерлер Шерниязов пен Төребаевты қамау мерзімі 2 айға ұзартылды

қаржы пирамидасы, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 16:22 Сурет: Facebook/Мейіржан Төребаев
20 сәуірде вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаевтың 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. 29 сәуірде оларды қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz .
Тергеу сотының қаулысымен тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 2 айға ұзарту туралы санкция берілді.Алматы қалалық соты

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

11 сәуірде Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген. Оқиғаға түсініктеме берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жәбірленушінің тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: