Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігін соқты

Семей, жол-көлік оқиғасы, жедел жәрдем көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 17:45 Сурет: Zakon.kz
Семейде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 мамырда сағат 12:30 шамасында KIA көлігінің 86 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі Алтайская көшесінен басымдыққа ие Морозов көшесіне шығып келе жатып, бұрылу кезінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей, жол-көлік апатын жасады, деп жазды arnapress.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам түрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемесіне жатқызылды.ШҚО полиция департаменті

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның қортындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: