Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 21:09 Сурет: pixabay
Алматының Алмалы ауданында 5 қыркүйек күні сағат 16:50 шамасында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Бұл туралы Zakon.kz сайтына қалалық полиция басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Тілендиев көшесімен оңтүстікке қарай келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісі Райымбек даңғылында солға бұрыла бергенде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен әйел 1947 жылы туған. Ол қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Оқиғаға байланысты Алмалы аудандық жол полициясының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: