Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 16:41 Фото: пресс-служба акимата Алматы
2025 жылдың 7 қазанында кешқұрым Алматы қаласының Әуэзов ауданында жедел жәрдем көлігі 16 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті. Жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жедел жәрдем көлігінің Жандосов көшесімен шығыс бағытта, қарсы жолақта қозғалғанын айтты.

"Береговой көшесімен қиылысында белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен оңтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге соқтығысты",- деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 2009 жылы туған жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Әуэзов аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Бұған дейін Шымкентте белгіленбеген жерден өтпек болған әйелдің автобус астына түсіп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: