Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 17:15 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қайғылы жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 2025 жылғы 11 маусымда Алматы – Өскемен тасжолында болған.

"Hyundai H350 автокөлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен автожолының 75-шақырымында жүріп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы бір рет ескертті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: