Петропавлда бойжеткен он екінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
![Петропавл, бойжеткен, өз-өзіне қол жұмсау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 17:51](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ec795268-13ef-4dd4-a1c5-af8532562e2b/800x451.webp)
Петропавлда 17 жастағы қыз қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің 12-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
СҚО полиция департаменті қайғылы оқиға 30 мамырда таңғы уақытта болғанын мәлімдеді.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлімге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. СҚО ПД баспасөз қызметі
Сараптама тағайындалды. Полицейлердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript