Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да түзеу мекемесінің ауласына смартфон лақтырған күдікті ұсталды

табылған смартфондар, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 18:56 Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінің қоршауынан бәзбіреу сотталғандарға арнап смартфон мен sim-карталар лақтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті ЕС-164/8 мекемесінің жеке құрамы тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетіне жол бермеді. Бірден жедел-тергеу тобы шақырылды. Нәтижесінде ауладан IPhone 6 және Huawei маркалы екі смартфон және sim-карталар табылды.

Күдіктілер бұл заттарды түзеу мекемесінде жатқан сотталғандарға лақтырған. Мекеме аумағында орналасқан бейнекамералар арқылы С есімді азамат ұсталды.

С есімді азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін СҚО Айыртау аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Бұл – жыл басынан бері СҚО мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін жасаудың 2-фактісі. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз. Мұндай әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған зат тәркіленеді, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.
Айдос Қали
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: