Алматы облысында тас жолда ер адамды көлік қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Жүргізуші дереу жедел жәрдем мен полицияны шақырды. Дәрігерлер көлік қаққан ер адамды шұғыл ауруханаға жатқызды, бірақ ол жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шамалған-Тұрар тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.
Toyota Hilux жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқан. Оның айтуынша, Үштерек ауылынан кейін қараңғыдан ер адам жолға атып шыққан. Жүргізуші қанша әрекет жасағысы келгенімен, онысынан түк шықпаған.
Сурет: Zakon.kz
Toyota жүргізушісі оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Дәрігерлер зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Үш сағаттан кейін 1963 жылғы ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны белгілі болды.
Сурет: Zakon.kz
Жол апаты орнында Алматы облысының анықтаушылары мен криминалистері жұмыс істеді, сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript