Кентауда өртенген үйдің терезесінен секірген сегіз жасар бала мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2022 22:54 Сурет: Instagram/kentau_today
Биыл 13 маусымында қайғылы оқиға орын алды. Өрттен қашып, күюден сақтанған бала бесінші қабаттың терезесінен секіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы хабар Instagram-да kentau_today парақшасында жарияланды.

Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, онда ол есін жимастан қайтыс болды.

Өртенген пәтерде оның 10 жасар әпкесі қалып кеткен. Ол түтінге тұншығып, уланған, бірақ қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрттің шығу себебінің алдын-ала болжамы - пәтердегі тұрмыстық техникадан ақаудың шығуы.

Жергілікті әкімдік отбасыға уақытша баспана беріп, көмек көрсетуге уәде берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: